«Былтыр Қостанай қаласына облыстың басқа өңірлерінен 106 дәрігер келді. Оларға тиісті жағдайлар жасалып, көтермеақы төленді. Бірақ соған қарамастан, қалада дәрігер тапшылығы байқалады. Қазіргі уақытта қала емханаларына 187 дәрігер жетіспейді», - деді қала әкімі.
Кездесуде айтылғандай, биыл қалада жол жөндеу жұмыстарына айрықша мән беріліп, бірқатар әлеуметтік нысандар жаңартылады. Қайрат Ахметовке тұрғындар тарапынан көбіне ауызсу, қоғамдық көліктерге қатысты сауалдар қойылды.