«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 25 тамызда Қостанай қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қалған аймақтарда метеорологиялық ахуал бірқалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.02:41, 25 Тамыз 2021
Қостанай қаласында ауа сапасы нашарлайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 25 тамызда Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.