Облыс орталығының ұзақ мерзімді даму бағытын айқындайтын серпінді стратегияны «Экономикалық зерттеу институты» АҚ жасаған. Жаңа жобаны депутаттарға осы институтқа қарасты Өңірлерді зерттеу орталығының директоры Қайсар Нығметов таныстырды. Орталық мамандары алдымен Қостанай қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдап, сараптама жүргізген. Оның қорытындысы бойынша, соңғы 10 жыл ішінде Қостанай тұрғындарының саны 28 мың адамға өскен. Қалада өндірілетін өнеркәсіп өнімдері 4 есе артса, негізгі капиталға келіп түскен инвестиция көлемі 2 жарым есе ұлғайып, былтыр 59 млрд теңгеден асқан.
Жиынды облыс әкімі қорытындылап, Қостанай қаласының жаңа даму стратегиясының аса маңызды құжат екендігіне тоқталып, даму стратегиясын бекітті.
«Бұл жоба «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының фракция отырысында да талқыланған. Мен өзім есеп бердім. Сол есебімде өңірді дамытудың барлық бағыттары бойынша мәлімет жеткізгенмін. Облыс орталығы күн санап дамып келеді. Жаңа шағын аудандар, жаңа кәсіпорындар ашылып жатыр. Өндіріс саласы да ілгеріледі. Мұнымен тоқтап қалмау қажет. Алдағы жоспар бұдан да ауқымды. Бүгінгі бекітілген даму стратегиясы бізге жаңа міндеттер жүктейді», - деді Архимед Мұхамбетов.
Мәслихат депутаттарды қаланың даму стратегиясын бірауыздан қолдады.