Қостанай ауданында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 11 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталмақ. Аталған үйлер Қостанай қаласының іргесінде орналасатын болады.
«Соңғы екі жылда 9 көпқабатты үй тұрғызылды. Бұл құрылыстарға 1 миллиард 304 миллион теңге жұмсалды. Енді Заречный елді мекеніндегі «Северный» шағынауданында 339 пәтерлі 11 үй салынады. Бұған 2 миллиард теңге қарастырылған», - деді Ахметов өз баяндамасында.
Айта кетейік, қазір аталған үйлердің аулаларын абаттандыруға 41 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ, шағынаудандағы үйлердің подъездерін жүргізуге 140 миллион теңге кетеді. Ахметовтің сөзінше, қаржы жоспарлы түрде игеріледі.
Еске салсақ, Қостанай ауданының «Көктем», «Тобыл-1», «Тобыл-2» шағынаудандарындағы тұрғын үй құрылыстары аяқталған соң, аудан қала мәртебесіне ұсынылуы мүмкін. Аталған мөлтекаудандар инженерлік-коммуникациялық желілер тартылғаннан кейін тұрғындар игілігіне беріледі.