Қостанай қаласы білім бөлімінің қызметкері Марал Исаханованың айтуынша, сабақтар уақыты 30 минутқа дейін қысқартылмақ.
«Қостанайлық ауа райын болжаушылар берген мәліметке сәйкес, температура -25 градусқа дейін түседі. Сол себепті, барлық мектептердің директорларына сабақтардың уақытын қысқарту туралы ұсынымхат жіберілді», - деді Исаханова.
Айта кетейік, бүгін түнде Қостанай облысында ауа температурасы -35 градусқа дейін суытады деп күтілуде.