Қостанай мен Ақмолада ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты екі өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 мамырда Қостанай және Ақмола облысының кей жерлерінде күн күркірейді. Оңтүстік- шығыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады. Жел екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.