Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында 15 жол бөлігі жабылды
22:18, 27 Ақпан 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат - Боран мен жолдың көрінбеуіне байланысты Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық трассалардың 15 учаскесінде қозғалыс шектелдi.
Бұл туралы ҚазАқпарат Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап хабарлайды.
«Республикалық автожолдар желісінде 400 бірлік арнайы техника жұмыс істеп жатыр»,-делінген хабарламада.
Осыған дейін «Қостанай-Әулиекөл-Сурған» тасжолының бойында қозғалыс шектелгені туралы хабарлаған едік.