Комиссия екі жекеменшік құрылым иесіне мүліктік шығынды толық көлемде өтеу туралы шешімді бірауыздан қабылдады. Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік комиссияның әрбір отырысына жан-жақты қарау, сондай-ақ ықтимал даулы мәселелерді (шешім немесе сомаға келіспеу) барынша азайту үшін өтініш берушілер шақырылатынын атап өтті.
50-ге жуық жекеменшік иесі өтемақы төлеуге өтініш берді. Қазіргі уақытта олар Өңірлік комиссияға өтініш беру үшін құжаттарын дайындауда.
Қаражат тиісті шешім қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде, егер қаржыландыру жеткілікті болса, мүлік иесінің өтемақы туралы өтінішінде көрсетілген ағымдағы немесе жинақ шотына аударылады.
Қостанай еліміздегі су тасқынынан зардап шеккен бизнеске келтірілген шығынды өтеу бойынша төлемдер басталған алғашқы өңір болды.
Еске сала кетсек, Қостанай облысында су тасқыны 25 наурызда басталды. Бірінші болып Арқалық маңындағы ауылдары суға кетті, Жангелді және Амангелді аудандарындағы елді мекендер де зардап шекті. Онда 28 наурызда төтенше жағдай жарияланды.
Кейіннен Қарасу, Қостанай облыстары мен Қостанайда төтенше жағдай енгізілді.
Облыс әкімдігі келтірілген шығынды өтейтінін мәлімдеді. Кейінірек келтірілген шығынның қалай есептелетінін, төлемнің қалай жүзеге асырылатыны түсіндірілді.