Қостанай облысында 4 елді мекеннен еріген қар суы шығарылды

Фото: Видеодан алынған кадр

АСТАНА. KAZINFORM - Қазіргі таңда өңірде жағдай тұрақты, деп хабарлады ТЖМ.

«Өткен түні Қостанай облысының ТЖД және жергілікті атқарушы органдарының күштерімен еріген қар суын толық көлемде шығару жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта Арқалық қаласының Жаңа, Отан, Солтүстік, Саяжай төрт елді мекендерінде 12 жеке тұрғын үй мен 20 аула аумағынан су шығарылды», — деп жазды ТЖМ-нан.

Өңірде мониторинг және су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда.