Қостанай облысында 45 жастағы ер адам екі адамды өлтірді деген күдікке ілінді

Фото: Polisia.kz

АСТАНА.KAZINFORM - Қостанай облысында отбасылық жанжалдан кейін денелерінде зорлық-зомбылық белгілері бар екі адамның мәйіті табылып, күдікті ұсталды.

15 шілде күні Қостанай облысындағы Қарабалық ауылындағы үйлердің бірінде зорлық-зомбылықпен өлген екі адамның мәйіті табылды. Бұл туралы ақпарат бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған болатын.

Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиға отбасылық жанжал салдарынан болған. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен Қарабалық ауылының 45 жастағы тұрғынын ұстады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптама тағайындалды. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Осыған дейін Жетісу облысында күйеуі әйелін өлтірді деген күдікке ілінгені туралы жаздық.