Қостанай облысында бұрқасын салдарынан 114 елдімекен әлі де жарықсыз отыр

15 аудан мен бірқатар елді мекенде әлі де жарық жоқ. Электр энергиясы Қостанай мен Рудныйдың барлық бөлігінде қалпына келтірілді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Бұған дейін 103 елді мекен жарықсыз қалғаны хабарланған болатын. Оған ақтүтек боран себеп болған.

Облыстық әкімдік жоғалып кеткен зейнеткер мен оның немересін іздеу жалғасып жатқанын айтты.

— 27 желтоқсан 9:00-дегі жағдай бойынша, облыстағы тас жолдарда 24 адам құтқарылды, 35 тұрғын эвакуацияланып, 317 адам жылыту орындарына орналастырылды, - деп толықтырды ведомство.

Кеше боран салдарынан бірден 10 көлік соқтығысқан болатын.

Лисаковскта шырша құласа, Тобылда көпқабатты үйдің шатыры опырылып түсті.