Қостанай облысында «CVK» қаржы пирамидасының ісі тергеліп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР ҚМА Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді. Зардап шеккен тұрғындардан органдарға хабарласу сұралып отыр, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Фото: ҚМА

Департамент мәліметінше, тергеу аясында айыпталушылар — 47 жастағы Жәния Мұқашева, 49 жастағы Әлия Молжігітова, сондай-ақ басқа адамдар.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер 2025 жылдың маусымынан 2026 жылдың мамырына дейін азаматтар қаражатын «CVK» қаржы пирамидасына инвестиция жасау түрінде тартқан.

Осыған байланысты Экономикалық тергеу департаменті аймақ тұрғындарына жүгінеді.

«CVK» қаржы пирамидасының қызметі салдарынан материалдық залал келтірілген азаматтардан Қостанай облысы бойынша ЭТД-ға мына мекенжай бойынша хабарласу сұралып отыр: Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 183. Сондай-ақ кезекші бөлімнің 7 (714-25) 3-60-26, 7-705-330-63-66 телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады.

Осыған дейін Қызылордада қаржы пирамидасын басқарған азамат 5 жылға сотталғанын хабарладық.

Ал СҚО-да «инвестицияға» қаржы салған зейнеткер 7 млн теңгесінен айырылды.