Қостанай облысында есірткі зертханасы жойылды — ҰҚК

Фото: ҰҚК

АСТАНА. KAZINFORM — Арнайы операция барысында қазақстанның екі азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлады ҰҚК.

Биылғы жылдың 15 желтоқсанда ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті.

Фото: ҰҚК

Психотроптық заттарды дайындау кезінде қазақстанның екі азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Фото: ҰҚК

— Тінту барысында 2 кг-ға жуық дайын «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен есірткі дайындауға арналған прекурсорлар тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, — деді ҰҚК баспасөз қызметі.

Фото: ҰҚК

Бұған дейін ҰҚК түрмедегі адам террорлық акт жасауға дайындалғанын хабарлаған болатын.