Қостанай облысында қатты желден тұрғын үйдің шатыры құлап қалды
15:31, 26 Желтоқсан 2023
Тобыл қаласында ұйытқыған жел салдарынан тұрғын үйдің шатыры опырылды. Оқиғаны Қостанай облысының әкімдігі растады, деп хабарлайды Kazinform.
- Оқиға Водник 5 шағын ауданында болды. Көпқабатты тұрғын үйдің шатыры опырылып түсті. Зардап шеккендер жоқ. Бірнеше көлік зақымданған, олардың саны анықталуда. Қазір шатырды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп жауап берді Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қалпына келтіру үшін алдымен жұмыс ауқымы мен залал деңгейі бағаланады. Одан әрі төтенше жағдай жариялануы мүмкін.