Жергілікті кәсіпорын бұл ақпаратты растап, консервіленген ет өндірісі арнайы рецепт бойынша жүзеге асырылатынын нақтылады.
Еске сала кетсек, аймақта Бетпақдала киіктерінің санын реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр – олардың саны 20 есе өскен (26,2 мыңнан 745,3 мыңға дейін). Киік еті Арқалықтағы «Торғай-Ет» ЖШС ет өңдеу кәсіпорнына жөнелтіледі. Дала жануарының етін қабылдау мүдделі емес тұлғалардың көзінше жүргізіледі.