Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының мәліметінше, бұл нәзік өсімдік төмен қарай иілген гүлдерімен ерекшеленеді және табиғатта сирек кездесетін түрлердің қатарына жатады.
Мамандардың айтуынша, қызғалдақ далалық және шөлейт аймақтарда өседі және ерте көктемде гүлдеп, табиғи ландшафтқа ерекше көрік береді.
– Бұл өсімдік мемлекет қорғауында. Сондықтан оны жұлуға қатаң тыйым салынады, – деп ескертті экологтар.
Сарапшылар тұрғындарды табиғатқа ұқыпты қарауға және сирек кездесетін өсімдік түрлерін сақтауға шақырды.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысының тау бөктерлерінде Грейг қызғалдағы жаппай гүлдегені хабарланған.