Қостанай облысында көлік қозғалысы шектелді

Фото: Алина Тулеубаева / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Қостанай облысында Ақтөбе облысының шекарасынан Денисовка ауылына дейін жол жабылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.

— 2025 жылғы 1 желтоқсан сағат 20:30–да Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Қостанай — Рудный — Денисовка -Комсомол — Қарабұтақ» автожолының 234-385 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе облысының шекарасы — Денисовка ауылы) жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды, — делінген компания таратқан мәліметте.

Жолды 2025 жылғы 2 желтоқсан сағат 00:00–де ашу жоспарланған.

Осыған дейін Ақтөбе облысында ауа райына байланысты жол жабылғанын жазғанбыз.