Қостанай облысы прокуратурасының мәліметінше, Меңдіқара ауданының Алешин және Буденный ауылдық округтері аумағындағы жерлерден жайылымды қалқаптар берілген екі ауыл шаруашылығы кәсіпорнының оларды нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды.
— Жер учаскелерінде мал жаюға және мал азығын дайындауға қажетті мал басы болмаған, бұл Қазақстан Республикасының Жер кодексі мен «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзу болып есептеледі, — делінген хабарламада.
Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде көрсетілген жер учаскелерін жалға алу шарттары бұзылды. Жалпы ауданы 175 гектар және кадастрлық құны 582 миллион теңге болатын, пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысында 31 жер учаскесі мемлекетке қайтарылғанын хабарлағанбыз.