Қостанай облысында әйелі мен баласын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Фото: Видеодан алынған скрин

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM —  Қостанай облысы Әулиекөл ауданында отбасына қатысты аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен полицейлер 51 жастағы ер адамды ізін суытпай ұсталды. 

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, 29 қыркүйекте «102» желісіне ер адам қоңырау шалып, көшеде өзіне жас қыз келіп, үйінде анасы мен ағасы еденде жатқанын айтқан. Оқиға орнына жеткен полицейлер екі адамның мәйітін тапқан. Кейіннен 51 жастағы күдіктінің қолға түскені белгілі болды.

— Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу органдары барлық мән-жайды мұқият анықтап жатыр. Полиция қылмыс жазасыз қалмайтынын атап өтеді. Кінәлі заңға сәйкес қатаң жазаланады, — деп мәлімдеді Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетелік Батыс Қазақстан облысында ірі интернет-алаяқтық әшкереленген еді