Төрт полиция қызметкері оқиға орнына 4 минут ішінде келді. Құтқару кезінде құтқару тростары мен жилеттер пайдаланылды.
«Тәртіп сақшыларына тез әрекет ету керек болды. Патрульдік полицейлер Нұрлан Шукманов пен Руслан Кужахметов мұз үстімен жүріп, тереңдігі шамамен 6 метрлік суға секірді.
Олар суға кеткен тұрғындарды тез арада жоғарыға қарай итеріп, қалған екі полиция қызметкері кезек-кезек барлығын судан жағаға шығарған тросты ұстап тұрды», — делінген ІІМ хабарламасында.
Ер адамдарды жедел жәрдем алып кетті. Олардың жағдайы тұрақты. Қазір дәрігерлердің бақылауында.
Полицейлер суға түскен формасын ауыстырып, қызметін жалғастырды