Қостанай облысында ірі қараның қырылуы: өлексенің бәрі өртелді

АСТАНА. KAZINFORM - Қостанай облысының Приречное ауылында сібір жарасынан 26 бас ірі қара қырылды. ҚР АШМ баспасө қызметі қазіргі сәтте өлекселердің бәрі жылжымалы инсинераторда өртелегенін хабарлады. 

Фото: facebook.com/marlen.aktobe

"Приречное ауылында 26 бас ірі қара малдың өлімі фактісі бойынша жылжымалы инсинераторда өртелегенін хабарлаймыз. Оқиға орнында дезинфекциялық шаралар жүргізілді. Приречное ауылында карантин орнатылды. Қазіргі уақытта ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталықта қоздырғыштың дифференциалды диагностикасы бойынша зерттеулер жүргізілуде. Зерттеу нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады" делінген хабарламада.

Ауылдағы эпизоотиялық жағдай ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің тұрақты бақылауында.

Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысындағы ауылда сібір жарасы анықталғанын жазған едік.