Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Мамандардың алдын ала мәліметінше, табылған заттар қауіп төндірмейді.
Облыстық полиция департаменті снарядқа немесе оқ-дәріге ұқсас заттарды тапқан жағдайда оларға қол тигізуге немесе өздігінен жылжытуға болмайтынын ескертті.
Мұндай жағдайларда азаматтар дереу 102 нөміріне хабарласуы қажет.
Еске сала кетсек, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының Мамлютка қаласының тұрғыны өз бақшасынан снаряд тапқаны хабарланған.
Ал Батыс Қазақстан облысында соғыс кезінен қалған снаряд табылғаны туралы ақпарат жарияланған еді.