Қостанай облысындағы бір ауыл жаңа жылдың алғашқы күні жарықсыз қалды

Фото: Фото: freepik.com

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM – Электр желілеріндегі апат салдарынан Қостанай облысындағы Заречный кенті жарықсыз қалды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі электр желілеріндегі апат ауа райының қолайсыздығынан болғанын хабарлады.

— Сағат 13.00 шамасында желіде апат болды, апатты жою үшін 2 бригада жұмыс істеді, - деп атап өтті әкімдіктен.

Сағат 16.43-тегі жағдай бойынша апаттың жойылғаны туралы хабарланды.

Осыған дейін Қостанай облысында 15 ауыл алғаш рет орталық сумен қамтылатыны хабарланды. 

- Биыл сумен қамту және жабдықтау бағытында жалпы құны 20,0 млрд теңгеге 77 жоба қолға алынды. Соның нәтижесінде, 15 ауыл алғаш рет орталық сумен жабдықтауға қосылады, 41 ауылда кешенді блок-модульдер мен су тарату бекеттері орнатылады, сонымен қатар 4 ауыл мен 4 қалада сумен қамту деңгейі жақсарады, - деді Құмар Ақсақалов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп бере тұрып.