Қостанай облысындағы бір ауылда иттен құтырма дерегі анықталды
АСТАНА. KAZINFORM – Қостанай облысының Сарыкөл ауданында жеке үй ауласындағы иттен құтырма дерегі тіркелді. Осыған байланысты елді мекеннің бір бөлігінде шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
Ашық НҚА порталында жарияланған құжатқа сәйкес, шектеу ветеринариялық іс-шараларды жүргізу үшін енгізілген. Құтырма дерегі жергілікті тұрғынға тиесілі иттен анықталған.
Шектеу енгізу туралы қаулы 2025 жылғы 9 шілдеде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде «Сарыкөл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен әзірленген.
Мақсат – ошақтың көзін жою және ветеринариялық ахуалды қалпына келтіру үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық шараларды жүзеге асыру.
Айта кетейік, Өскеменде бір аптада 20-дан астам адамды ит қапты.