«Қостанай облысындағы ахуал қауіпті деп айтуға болады. Өйткені, 6 елді мекенде төтенше жағдай жарияланды. Тобыл өзенінің көтерілуіне байланысты құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. 7 саяжай қоғамдастығы тұрғындарын құтқару жүргізілді. 1 тәуліктің ішінде 2 285 адам, оның ішінде 84 бала құтқарылды. Құтқарылғандардың жалпы саны – 8 8300-ден астам, оның ішінде 1700-ден астам бала. Уақытша орналастыру пункттерінде 464 адам, 123 бала бар. Тобыл өзені бақылауда тұр. Себебі Қаратомар, Желқуар, Амангелді қоймаларынан су келіп жатыр. Бүгінде аталған қоймалар 99 пайызға толып тұр»,- деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндгі брифингте.
Оның атап өтуінше, Қостанай қаласындағы 2 көпірдің үстін нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.