Қостанай облысындағы өртті сөндіруге тікұшақ тартылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қостанай облысында дала өртін сөндіруге ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы тартылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: «Ақжайық» резерваты

Қамысты және Наурызым аудандарында құрғақ өсімдіктердің жекелеген ошақтары тіркелген. Ұрқаш және Дружба ауылдарының арасында от локализацияланған.

— Өрт сөндірушілерге көмекке «Қазавиақұтқару» МИ-8 тікұшағы тартылды, оған 16 су төгу жұмысы іске асырылып, шамамен 48 текше метр су құйылды. Борт тек сөндіруге ғана емес, сонымен қатар аумақты аэровизуалды тексеруге де қатыстырылған, — делінген хабарламада.

Елді мекендер мен орман қорына қауіп жоқ. Жағдай ҚР ТЖМ тұрақты бақылауында. 

Айта кетелік өрт сөндірушілер Қостанай облысындағы дала өртімен күресіп жатқаны туралы жазған едік