Қостанай облысының Қоғамдық даму басқармасына жаңа басшы келді
ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Әлия Бекмағамбетова Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымына ауысты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
— Қостанай облысы әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Әлия Молдабайқызы Бекмағамбетова Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Әлия Молдабайқызы 1979 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.
Қостанай гуманитарлық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша, сондай-ақ А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетін «Құқық бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Әлия Молдабайқызы 2000 жылы тарих пәнінің мұғалімі әрі оқу бөлімінің меңгерушісі қызметінен бастаған.
2009–2022 жылдар аралығында Сарыкөл аудандық әкімдігінде бірқатар басшылық лауазымда қызмет атқарды: мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары.
2022–2023 жылдары Қостанай облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімін басқарды.
2023 жылғы мамыр айынан 2025 жылғы қыркүйек айына дейін Сарыкөл ауданы әкімінің орынбасары лауазымында болды.
Бұдан бұрын СҚО-да әлеуметтік осал топтардың құқығын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалғанын жазғанбыз.