Өңірдегі қатты боранға байланысты 10 қаңтарда Қостанай қаласы мен Меңдіғара ауданында бірінші ауысымдағы сабақ қашықтан оқыту форматына көшірілді. Сондай-ақ Ұзынкөл және Қарасу аудандарында 1-4 сынып оқушылары онлайн оқытуға көшті.
Бір күн бұрын, яғни 9 қаңтарда Қарасу ауданында қарлы боранға байланысты бірінші ауысымға қашықтан оқыту ұйымдастырылды. Меңдіғара ауданындағы Степанов орта мектебінің екінші ауысымында оқитын оқушылар онлайн оқытуға көшті.
Бұған дейін Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланған болатын.