Оқырмандар облыстың түрлі аймақтарынан түсірілген суреттерді бөлісіп жатыр. «Солтүстік шұғыласын» Лисаковск, Қостанай, Әулиекөл, Сарыкөл, Ұзынкөл, Жітіқара, Федоровск пен Меңдіғара аудандарының тұрғындары тамашалаған. Ол жақта аспан қызыл-жасыл түске боялды.
Мұндай ерекше құбылысқа күн сәулесінің белсенділігінің жоғары болуы мен магниттік дауыл себеп болған.