Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды
ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM – Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінде кадрлық өзгерістер болды. Департамент басшысының міндетін уақытша атқарушы болып азаматтық қорғау полковнигі Назарали Селімов тағайындалды.
Назарали Ғаджымагомедұлы 1985 жылғы 14 мамырда Ресей Федерациясында дүниеге келген. 2007 жылы Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша аяқтап, азаматтық қорғау органдарында қызметін бастаған.
Батыс Қазақстан облысының ТЖ департаментінде өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметін басқарған.
Кейін Маңғыстау облысы мен елордадағы департаменттерде қызмет атқарды.
2024 жылдың мамыр айынан бастап Атырау облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары лауазымында болды.
Жаңа басшыны департамент ұжымына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының жетекшісі Дәурен Есімсейітов таныстырды.
Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысы ТЖ департаментін басқарған Дамир Ермағанбетов Алматы қаласы ТЖД басшысы қызметіне тағайындалған болатын.