Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бүгін педагогтардың тамыз кеңесінде облыстық білім басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Енді аталған ведомствоның басшысы міндетін Құсайын Кәткенов атқарады.
«Бүгінгі тамыз кеңесінде облыстық білім басқармасының жаңа басшысы Кәткенов Құсайын Амангелдіұлын тағайындаймын. Егер ол осы оқу жылының бірінші тоқсанында жүктелген тапсырмаларды орындаса, онда басшы етіп бекітеміз», - деді өңір басшысы.
Айта кетейік, К.Кәткенов бұған дейін Қарағанды облыстық білім басқармасында жұмыс істеген.
16:10, 22 Тамыз 2018
Қостанай облыстық білім басқармасына жаңа басшы келді
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық білім басқармасына жаңа басшы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.