НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанай облысы әкімдігінің басқарма басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қостанай облысы әкімдігінің басқарма басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол мақсаты бойынша пайдаланылмаған жер учаскесін мемлекеттік қорға мәжбүрлеп алып қою рәсімін заңсыз тоқтата отырып, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану күдігіне ілікті», - деді агенттік тергеушісі.
Сонымен қатар Қайсар Баржақсынов сот санкциясымен күдікті лауазымдық өкілеттігін орындаудан уақытша шеттетілгендігін айтты.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.