Облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Наталья Малий 6 жыл бойы бензин таллондарын ұрлап келген.
«2012 жылғы тамыз айынан 2018 жылғы қаңтар айына дейін ол 56 186 литр бензин таллонын жымқырған. Бұл шамамен 8,2 млн теңгені құрайды. Күдікті сотты тергеп-тексерудің бірінші күнінен-ақ келтірілген шығынды өтеп, прокурормен процессуалдық келісім жасасқан. Осы арқылы оның жазасы жеңілдетілді», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен Наталья Малий кінәлі деп танылып, шартты түрде 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол сондай-ақ мемлекеттік қызметтен де өмір бойына шеттетілді.