Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Гауез Нұрмұхамбетов тағайындалды
13:11, 20 Мамыр 2015
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының әкімі өзінің бірінші орынбасары қызметіне Нұрмұхамбетов Гауез Торсанұлын тағайындау туралы бұйрық шығарды. Оны жаңа қызметінде бүгін облыстық әкімдікте өткен аппаратты жиында таныстырды.
Г.Нұрмұхамбетов бұрын Қостанай облысының үш ауданын басқарған, Қостанай әкімі болған. Облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіне Қазақстан Президенті Әкімшілігінің инспекторы қызметінен келді. Бұл қызметті ол 2014 жылдың маусымынан атқарған.
Г.Нұрмұхамбетов 46 жаста, үш жоғары білімі бар, экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.