Қостанай облысы бойынша көші-қон және демография департаментінің бөлім бастығы ұсталды

ҚОСТАНАЙ. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері облыстық көші-қон және демография департаментінің бөлім бастығын ұстады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі өкілі Марат Тарақтиевтің ақпараты бойынша, шенеунік бұрынырақ алған 2 мың АҚШ доллары көлеміндегі параны қайтару кезінде айғақпен ұсталған.