Қостанай облысы ЭКСПО-ға 400 автобус жеткізіп береді
"Бұдан бөлек, биыл біз ЭКСПО-ға автобустарды жеткізетін боламыз. Ол үшін "Аstana LRT" компаниясымен келісімшартты рәсімдедік. 400-ге жуық автобусты жеткізетін болдық. Аталған көліктердің басым бөлігі - көп адамды сыйғыздыра алатын автобустар. Оған 100-ден астам жолаушы сыяды. ЭКСПО кезінде ол автобустар туристерді тасымалдайды. Ал көрме өткеннен кейін елорданың қоғамдық көліктер паркін толықтыратын болады", - деді Мұxамбетов бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Бұдан бөлек, облыс кәсіпкерлері азық-түлік өнімдерін тонналап жеткізетін болды. "Қостанай облысынан балмұздақ өнімдері де ЭКСПО көрмесіне жеткізіледі. Қазіргі кезде біз Астана қаласының әкімдігімен бір келісімге келдік. Жалпы, көрме кезінде облыстан 4-6 мың тонна азық-түлік өнімдері жеткізілетін болады", - деп атап көрсетті облыс басшысы