Қостанай облысы Қорғаныс істері департаментінің басшысы тағайындалды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен Қостанай облысы Қорғаныс істері департаментінің басшысы болып Сергей Геннадьевич Кузнецов тағайындалды.

Сергей Кузнецов 44 жаста, ол Алматы облысының тумасы. Еңбек жолын 1997 жылы ҚР Қарулы күштері Әскери академиясының жалпы әскери факультеті курсанттары рота взводының командирі болып бастады. Соңғы үш жылда ол ҚР Қарулы күштері ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің жинақтау басқармасы әскери қызметшілерді есепке алу, мерзімді қызметке және әскерден тыс жұмыстарға шақырту бөлімінің бастығы лауазымын атқарды.