«Ұзынкөл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Ұзынкөл ауданы әкімінің аппаратында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексерді. Соның қорытындыларына орай анықталған кемшіліктерді жою туралы ұйғарым шығарылған», - дейді облыстық соттың өкілдері.
Бірақ белгіленген мерзім ішінде олқылықтар толық жойылмаған.
Осыған байланысты соттың шешімімен «Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ әкімшілік жауапқа тартылып, 100 АЕК (240 мың 500 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
Анықталғандай, әкімдіктегі тексеріс 2017 жылдың тамызында жүргізілген.