«Қазақавтожол» хабарлағандай, жеке білікке 8 тоннадан астам жүктеме түсетін автокөліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Бұл шара жыл сайын көктемгі кезеңде жолдардың қыс мезгілінен кейін сақталуы үшін жасалады.
«Шектеу халықаралық жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларда жұмыс істейтін, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін, тамақ өнімдерін, багажды, дәрі-дәрмек тасымалдайтын, сондай-ақ жол-құрылыс жұмыстарымен айналысатын автокөлік құралдарына қолданылмайды» деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.
Шектеулер Қостанай облысында 1 мамырға дейін сақталады.