Қостанай облысында 1000 домбырашы бір мезетте күй ойнады
Амангелді ауданында Ұлттық домбыра күні мен елорда мерекесі қарсаңында түрлі рухани, бұқаралық іс-шаралар өтті.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрлыбек Тәжиннің сөзіне қарағанда, мерекеге дайындық жұмыстары былтырдан басталған.
Ұлттық домбыра күнінің басты жаңалығы - ауданда тұңғыш рет 1000 домбырашының қатысуымен күй ойналды. Бұл бастаманы аудан әкімі Әмірхан Асанов көтерген. Домбырашылар бір мезетте Құрманғазының «Балбырауын» және «Келіншек» күйлерін орындады. Домбырашылар ауданның әр ауылынан келген.
Аудандағы мереке эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен түйінделді.