Ведомство мәліметінше, қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары басталды. Жүкті болып қалған 12 жасар оқушы перинаталдық орталықта жатыр.
«ҚР ҚК 120-бабы бойынша («Зорлау») соталды тексеру жүргізілуде. Осы іске қатысты қыздың өгей әкесі саналатын 29 жастағы ер адам қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, жағдайды зерттеу жұмыстары басталды», - делінген полицияның ақпаратында.