Қостанай облысында 126 мектепте интерактивтік денсаулық сабақтары өтті

None
ҚОСТАНАЙ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысының 126 мектебінде «Ұлттың саулығы – Қазақстанның болашағы» тақырыбында интерактивтік сабақ өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Онлайн-сабақ үстінде жоғары сынып оқушылары мектеп оқушылары арасында кеңінен таралған аурулар туралы ақпарат алды. Дәрігерлер мен педагогтер оларға ЖҚТБ, туберкулез және басқа аурулардан сақтану және оларды емдеудің заманауи әдістері туралы пайдалы кеңестер берді. Облыстық білім басқармасы мамандарының айтуынша, осындай интерактивтік сабақтар үнемі өткізілуде. Жақын уақыттарда Қостанай облысының білім беру ұйымдарындағы кезекті интерактивті сабақ қазақ тілі мәселелеріне арналмақ.