Қостанай облысында 14 адам мен 9 автокөлік қар құрсауынан шығарылды
09:33, 30 Желтоқсан 2013
АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық ТЖД мен «Қазақавтожол» АҚ күшімен «Арқалық-Державинск» автожолының 48 шақырымында 14 адам мен 9 автокөлік қар құрсауынан шығарылды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.