«Бүгін КВИ таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысын өткіздім. Штаб отырысы барысында Арқалық және Лисаков қалаларының әкімдерін, сондай-ақ Әулиекөл, Денисов және Бейімбет Майлин атындағы аудан әкімдерін тыңдадым. Сонымен қатар, мониторингтік топтардың жұмысы қарастырылды. Мониторинг топтары ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап 1 689 рейд өткізді, 110 карантинді бұзу фактісі анықталды. Қазіргі уақытта инфекциялық кереуеттердің жүктемесі - 18,2%. 273 адам емделіп жатыр» деп жазды әкім.
Оның айтуынша, вакцинаның бірінші компонентін 343 412 адам алған. Екінші компонентті ектіргендер саны - 324 416.
Сонымен қатар, жүкті және бала емізетін әйелдерді, 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді вакциналау жалғасуда. 17 желтоқсандағы жағдай бойынша вакцинаны 3 677 адам алды.
Сондай-ақ, 18 желтоқсандағы жағдай бойынша 15 375 адам қайта вакцинацияланды, осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
«Ashyq» жобасына қатысу үшін 5 436 өтінім берілді. Отырыс қорытындысы бойынша қала және аудан әкімдеріне халықты вакцинациялау және қайта вакцинациялауға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырдым» деп түйіндеді сөзін Архимед Мұхамбетов.