Туыстарының айтуынша, суда жүзе алмайтын бала терең жерге дейін жетіп, суға батып кетті.
Денесі табылғанша судың астында 40 минутқа жуық уақыт жатқан.
«Медицина қызметкерлері сағат 20:58-де шақыртылды. Жедел жәрдем бригадасы 21:05-те келіп жеткен. Оқиға орнына келген дәрігерлер баланың денесін өзен жағасынан анықтады. Ол көмек келгенше әлдеқайда бұрын көз жұмды. Реанимациялық шаралар қабылданған жоқ», - деп түсіндіріп өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасы азаматтардан кәмелет жасына толмағандарды қараусыз қалдырмауын сұрайды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанайда үш бала суға батып бара жатқан ер адамды құтқарған болатын.