Қостанай облысында қар құрсауындағы құтқару жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері өңір құтқарушылары жүздеген адамды аман алып шықты.
«Кеше түнде Арқалық-Торғай тас жолының 30 және 60 шақырымында жолаушылары бар көліктер қарда тұрып қалды. Құтқару жұмыстарын жүргізу үшін өтімділігі жоғары «Нива Марш-БРОНТО» техникасымен Арқалық қаласының құтқару бөлімшелерінің тобы жіберілді. Жұмыс барысында тас жолдың 32 шақырымында 6 машина қар құрсауынан шығарылды, 15 жолаушы құтқарылды. Аталмыш жолдың 60-шы шақырымында құтқарушылар 3 адамды эвакуациялады», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.
Зардап шеккен адамдар Арқалық қаласына жеткізілді.