Ал мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Салауат Мүксімовтің сөзінше, қойылған міндеттерді іске асыру үшін жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізудің маңызы зор.
«Қазіргі уақытта облыста ауылдар мен ауылдық округтерді оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыс әкімшілік шығындарды азайтуға ғана емес, дербес бюджетті тиімді енгізуге де ықпал ететін болады. Жолдауда қойылған міндеттер белгіленген мерзімде мүлтіксіз орындалуы тиіс. Оларды сапалы іске асыруға дайын болу керексіздер!» - деді С.Мүксімов ауыл әкімдеріне қарата.
Қостанайда 2018 жылдың қаңтар айынан бастап 2 мың адамнан астам халқы бар 45 ауыл мен ауылдық елді мекендерде дербес бюджеттер енгізілді. Қалған 195 ауылда дербес бюджеттер 2020 жылдан бастап жұмыс істей бастайды. Алайда, қазір аудандық деңгейде ауылдық бюджеттердің көрсеткіштерін қалыптастыру жүргізілуде.
Ауылдық округтерді оңтайландыру олардың қызмет тиімділігін арттыру мақсатында бюджеттің дербес деңгейіне көшуді алғашқы болып Қарасу ауданының әкімдігі бастады.
«Бұл қайта ұйымдастыру ауылдық округтердің санын 19-дан 13-ке дейін азайтуға, кадрлардың сапалық құрамын жақсартуға, ауыл және ауылдық округтердің мамандары арасындағы жүктемені сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауылдарда бюджеттің 4 деңгейі енгізілуіне байланысты барлық мемлекеттік қызметшілерге қызметтік міндеттерін сапалы орындауға, жұмыс уақытын тиімді пайдалануға септігін тигізеді», - деп атап өтті Қарасу ауданының әкімі Виктор Ионенко.
Облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спановтың айтуынша, мұндай тәжірибені облыстың басқа өңірлерінде қолдану жоспарланып отыр.