Қостанай облысының оңтүстік аудандарында қалың қардың салдарынан көліктер жолда тұрып қалған. Алайда құтқарушылар дер кезінде жетіп, бірнеше көлікті қар құрсауынан алып шықты.
«Амангелді ауданынан 30 шақырым жерде, Дәмді ауылының тұсында 5 жүк көлігі мен 21 жеңіл автокөлік тұрып қалған. ТЖД жеке құрамының арнайы техникаларының көмегімен аталған көліктер қардан шығарылды. Барлығы 65 адамға көмек көрсетілді», - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.