«Бүгінде елімізде 11 мың шақырым жолды ақылы ету мәселесі пысықталуда. Бұл біздің облысымыз арқылы өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізіне тікелей қатысты. Қазір жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Келесі жылдың басынан облыстағы 400 шақырым автожол ақылы болады деп жоспарлануда. Сол үшін 9 мердігер жол жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтауы тиіс», - деді А.Горват.
Келер жылы Қостанай жолдарын ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға жөндеу жүргізіледі. 606 шақырым жол жөнделмек, 36 учаскені қамтитын жобаның жалпы құны – 20 млрд теңге. Жөнделген жолдың сапасын тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.
Ал облыс орталығының жолдарын жөндеу бойынша биыл 4 млрд теңге игерілген.