Биыл өңірде тұқым бағасы бір жарым есе қымбаттаған. Бұған қоса, пандемия салдарынан шекара жабылғасын, қосалқы бөлшек сатып алу да қиынға түскен. Осындай қиын жағдайда шаруаларды қолдау үшін Қазақстан Үкіметі тек осы өңірге көктемгі егіске деп 21 млрд теңге бөлді. Соның арқасында Қостанайдың диқандары дән себу науқанын мерзімінде бастауға дайын.
«Биыл егіс науқаны ойдағыдай өтуі тиіс. Өйткені Үкіметтен қолдау көп. 71 мың тонна дизель отыны бөлінді. Бүгінде облыста Үкімет көмегін алуға 400-ге жуық шаруа өтінім берді. Бұл жұмыс әлі жалғасып жатыр. Жалпы бөлінген қаржының 17 млрд 300 млн теңгесін диқандардың алып үлгерді», – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Кенжеғозы Жұмандықов.
Аймақта барлығы 528 мың тонна тұқым дайындалған. Жоспар бойынша осы жылы 5 млн 200 мың гектар жерге дән сіңіріледі.